БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Биыл 5 өңірде тасқын қаупі жоғары

Биыл 5 өңірде тасқын қаупі жоғары
ашық дерек
Қазгидромет мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде топырақ әлі де тоң болып қатқан. Мамандардың айтуынша, ауа райы күрт жылынған жағдайда қардың тез еруі салдарынан су жерге сіңбей, тасқын қаупі артуы мүмкін. Сонымен қатар, наурыз айы жылы әрі жаңбырлы болады деп болжануда.

Осыған байланысты Ақмола, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына дайындық шараларын күшейту қажеттігі ескертілді.

Ал Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Павлодар, Түркістан, Алматы және Жетісу облыстарында тасқын қаупі орташа деңгейде деп бағаланды.

Мамандардың бағалауынша, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Жамбыл облыстарында су тасқыны қаупі төмен.

Тиісті қызметтерге гидротехникалық нысандарды бақылауды күшейтіп, алдын алу шараларын уақытылы жүргізу ұсынылады.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар