БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Меркіде жаңғырған нысандар: облыс әкімі жұмыс сапарымен барды

Меркіде жаңғырған нысандар: облыс әкімі жұмыс сапарымен барды
ашық дерек
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданына жұмыс сапарымен барып, 2025 жылы күрделі жөндеуден өткен бірқатар әлеуметтік және әкімшілік нысандардың жұмысымен танысты. Сапар барысында құқық қорғау саласы, архив жүйесі және мектепке дейінгі білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар назарға алынды.

Алдымен аймақ басшысы аудандық полиция бөлімі орналасқан ғимаратты аралады. Жалпы ауданы 620 шаршы метрді құрайтын нысан «Фортис контрекшен» ЖШС мердігерлігімен күрделі жөндеуден өткен. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылдың қазан айында басталып, 2025 жылдың қазанына дейін жалғасқан. Жобаның жалпы құны 444,3 млн теңгені құрайды. Жөндеу жұмыстары барысында ғимараттың ішкі-сыртқы әрлеуі толық жаңартылып, қызметкерлердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған.

Облыс әкімі құқықбұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті сақтау басты назарда болуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ полиция қызметкерлеріне жүктелген міндеттің жауапкершілігі жоғары екенін айтып, ұжымға табысты қызмет тіледі.

Бұдан кейін өңір басшысы заманауи талаптарға сай жабдықталған аудандық мемлекеттік архив ғимаратымен танысты. Архивте құжаттарды сақтау мен өңдеуге барлық қажетті жағдай қарастырылған. Нысанда арнайы үш қойма қарастырылып, қауіпсіздік жүйелері мен сақтау талаптары толықтай нормативке сәйкес қамтамасыз етілген. Мұнда қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуіне және құжаттарды сапалы сақтауға қажетті инфрақұрылым қалыптастырылған.

Облыс әкімі архивтердің маңызын ерекше атап өтті.
– Өткен тарихымыздың алтын қазыналары мұрағатта сақтаулы. Сондықтан құжаттардың бүлінбей, ұрпақтан ұрпаққа жетуі маңызды. Облыстағы архив ғимараттарын бюджет мүмкіндігіне қарай талапқа сай келтіретін боламыз. Архив құжаттарын цифрландыру жұмыстары үздіксіз жүргізілуі тиіс, – деді Ербол Қарашөкеев.

Жұмыс сапары аясында аймақ басшысы 280 орындық «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының құрылысымен де танысты. Балабақша заманауи талаптарға сай салынып жатыр. Нысанды биылғы жылдың 1 наурызына дейін пайдалануға беру міндеті қойылды. Бұл жоба аудан тұрғындары үшін мектепке дейінгі білім беру орындарының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, жұмыс сапары барысында Меркі ауданындағы әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және білім беру нысандарын дамыту бағытындағы жұмыстардың барысы сараланды. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға белгіленген мерзімдерді сақтап, нысандардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар