Жаңалықтар

Алматыда жүргізушінің жүрек талмасы ұстап бес көлікке соқтығысқан

Алматы қаласында көлік жүргізушісінің жүрек талмасы ұстап, жаппай жол апатына себеп болды. Оның көлігі жоғары жылдамдықпен келе жатып төрт жеңіл автокөлік пен жолаушылар отырған автобусқа соқтығысқан. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға аялдама маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушінің денсаулығы күрт нашарлап, бір бағытта келе жатқан бес көлікпен соқтығысқан. Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, оның өлімі жедел жүрек жеткіліксіздігінен болған.

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, басқа зардап шеккендер жоқ.

Куәгерлердің сөзінше, алдымен көлік жеңіл автомобильдердің біріне соғылған. Соққының қаттылығынан бір көлік тротуарға ұшып кеткен. Алайда марқұм жүргізушінің көлігі тоқтамай, жолдағы өзге көліктерге соқтығысқан. Ең соңында автобусқа соғылып, аялдамаға қарай ығысқанымен, биік бордюрге тіреліп барып тоқтаған.

Марқұм жүргізуші 50 жаста болған. Ол дәрігерлер жеткенге дейін көз жұмған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.