Облыс әкімі Меркі ауданының белсенді жастарымен жүздесті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданына жұмыс сапары барысында белсенді жастармен кездесті.
Басқосу барысында өңір басшысы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын жан-жақты таныстырып, Ата заңның басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация салалары айқындалғанын атап өтті. Бұл бағыттар өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негіз болатынына сенім білдірді.
Ербол Қарашөкеев жастарды қоғамның басты қозғаушы күші ретінде бағалап, Конституциялық реформаны табысты жүзеге асыруда олардың рөлі айрықша екенін айтты.
Еркін форматта өткен кездесуде әр салада жемісті еңбек етіп жүрген мамандарға сөз берілді. Аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбек Жұманазаров ақпараттық-түсіндіру бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Кездесу соңында қатысушылар естелік суретке түсті.