Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды
2026 жылғы 6 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласында екінші ауысымдағы 0–9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Тиісті хабарламада аталған сыныптар түстен кейін онлайн режимде білім алатыны айтылған. Қалалық білім басқармасы ата-аналар мен оқушыларды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.