БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

СІМ Нұрлан Сабуровқа қатысты жағдайға түсініктеме берді

СІМ Нұрлан Сабуровқа қатысты жағдайға түсініктеме берді
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Мәскеуде комик Нұрлан Сабуровтың ұсталғаны туралы тараған ақпаратқа қатысты ресми пікір білдірді. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Қазақстан азаматы Нұрлан Сабуровтың өзі де, оның заңды өкілдері де Ресейдегі Қазақстан елшілігіне қандай да бір өтінішпен жүгінбеген. Сонымен қатар Ресей тарапынан оның ұсталғаны жөнінде ресми ақпарат түспегені атап өтілді.

Министрлік қазіргі таңда бұл мәселеге қатысты нақты расталған деректер жоқ екенін жеткізді.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар