Ауыз ашарда және бекіткенде оқылатын дұғалар
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айында ауыз бекіткенде және ауыз ашарда оқылатын дұғаларды назарға ұсынады.
Ауыз бекітерде оқылатын дұға:
«Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә. Уа би сауми ғадин науайту мин шахри рамадан».
«Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім».
Ауызашардағы дұға
«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә‘аләйкә тәуәккәлту уә‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту».
«Я, Аллам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күнінде де ауыз бекітуге ниет еттім. Менің өткен және келешек күнәларымды кешір гөр!».