Жаңалықтар

Жаңа Конституцияда еркіндік пен жауапкершілік бір арнаға тоғысады – белгілі журналист

Qazaqstan ұлттық арнасының тележүргізушісі, Конституциялық комиссия мүшесі Ерқанат Көпжасарұлы жаңа Конституция жобасындағы сөз еркіндігі туралы баптардың маңызы жөнінде пікір білдірді.

Комиссия мүшесі Ата заң жобасындағы сөз бостандығы мен ғылыми-техникалық, көркем шығармашылық еркіндігіне қатысты баптарға тоқталды.

Оның айтуынша, ақпаратқа қол жеткізу құқығының нақты тетіктермен бекітілуі баспасөздің демін ашып, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырады.

Сөз соңында ол ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер журналистиканың басты миссиясын – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір болуды, ақиқатты айна-қатесіз жеткізуді, сындарлы сұхбат мәдениетін қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.