Boxam Elite-2026: Испаниядағы турнирде 11 қазақстандық боксшы финалға шықты
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 20:09
- 1
Ерлер арасында алтын жүлде үшін рингке Санжар Тәшкенбай (50 кг дейін), Махмұд Сабырхан (55 кг дейін), Төрехан Сабырхан (70 кг дейін), Аман Қонысбеков (75 кг дейін), Нұрбек Оралбай (85 кг дейін), Сағындық Тоғамбай (90 кг дейін), сондай-ақ аса ауыр салмақта Нұрасыл Асылхан мен Айбек Оралбай (90 кг жоғары) шығады.
Әйелдер бәсекесінде финалда Назерке Серік (65 кг дейін), Умида Садықова (80 кг жоғары) және Панар Сейітханқызы (80 кг жоғары) чемпиондық атаққа таласады.
Сонымен қатар Тимур Нұрсейітов (75 кг дейін), Азамат Бектас (80 кг дейін), Нұрбек Мұрсал (70 кг дейін), Нұрзат Оңғаров (50 кг дейін), Гүзал Садықова (80 кг дейін) және Элянұр Тұрғанова (48 кг дейін) жарысты қола медальмен аяқтады.
Халықаралық турнирдің финалдық кездесулері 7 ақпанда өтеді.


