Жаңалықтар
Шымкентте пәтерден үш адамның мәйіті табылды: газдан улану нұсқасы қарастырылуда
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 09:46
- 7
Шымкент қаласының Восток шағынауданындағы пәтерлердің бірінен бір отбасының үш мүшесі өлі күйінде табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың табиғи газдан улануы мүмкін екені болжануда.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға туралы алдымен марқұмдардың көршілері дабыл қаққан. Олар пәтер тұрғындарының ұзақ уақыт байланысқа шықпай жатқанын және есіктің ашылмай тұрғанын байқап, құтқару қызметіне жүгінген.
8 ақпан күні сағат 16:36 шамасында 112 жедел желісіне осы жағдай туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген құтқарушылар есікті ашып, пәтер ішінен үш адамның денесін анықтады. Кейін тиісті құқық қорғау және арнайы қызмет өкілдері шақырылды.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, жағдай табиғи газдан улану салдарынан болуы ықтимал. Қылмыстық сипаттағы белгілер әзірге тіркелмеген.



