Жаңалықтар

Олжас Бектенов: өткен жылы Қазақстанда энергия тапшылығы 29%-ға төмендеді

Биыл 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері іске қосылады. Бұл келесі жылдың бірінші тоқсанында энергия тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Мемлекет басшысына Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндады.

Олжас Бектенов елімізде электр энергиясының тапшылығы сақталып отырғанын, ол ең жоғары жүктеме кезеңдерінде импорттың есебінен жабылатынын атап өтті.

Өткен жылы тапшылық 29%-ға азайғанымен, ауқымы әлі де үлкен.

Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге және өсіп келе жатқан қуат тапшылығын жабуға арналған стратегиялық жұмысты жүзеге асыру шеңберінде Үкімет 2035 жылға дейін 26 ГВт-тан астам жаңа өндіруші қуаттарды енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізуде, оның ішінде атом және «таза» көмір генерациясын дамытуға баса мән беріледі.