Жаңалықтар

Үкімет атаулы әлеуметтік көмектің тиімділігі мен қадағалау шараларын күшейтуде: 288 млрд теңгенің тиімсіз игерілуіне тосқауыл қойылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар түрлі әлеуметтік төлемдердің көптігі мен бірізді жүйенің болмауы және тиімді бақылаудың жоқтығы шығындардың негізсіз өсуіне ықпал еткені айтылды. Бұл өз кезегінде бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуына және кей жағдайларда жымқырылуына алып келді.

Атқарылған жұмыстардың арқасында соңғы екі жылдың өзінде шамамен 288 млрд теңгенің тиімсіз игерілуіне тосқауыл қойылды.


Тәсілдерді қайта қарау көші-қон саясатына да әсер етті. Көші-қон заңнамасы мен иммигранттардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау тетіктерінің осалдығы да масылдық пиғыл туғызып отырғаны атап өтілді. Биылдан бастап жеңілдіктер мен қолдау бағдарламалары іріктеліп, жұмыс күші тапшы өңірлерге баратын азаматтарға ғана беріле бастады