11 ақпанда Қазақстанда боран мен көктайғақ күтіледі
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2026 жылғы 11 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, батыстан келген циклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Республика аумағында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, кей өңірлерде олардың мөлшері мол болуы мүмкін. Сонымен қатар боран, көктайғақ, тұман және желдің күшеюі сияқты қолайсыз метеорологиялық құбылыстар болжанып отыр.
Әсіресе желдің екпіні батыс, оңтүстік өңірлерде, Абай облысының орталық бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында күшейеді. Түркістан облысының таулы асуларында түнгі уақытта жел жылдамдығы секундына 30 метрден және одан да жоғары болуы ықтимал.
Синоптиктер тұрғындарға сақтық шараларын ұстанып, ауа райының күрт өзгерістерін ескеруге кеңес береді.