Қысқы Олимпиада ойындары: 11 ақпанда қазақстандық спортшылардың жарыс бағдарламасы
2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында 11 ақпан, сәрсенбі күні сегіз медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бұл күні Қазақстан құрамасының бірнеше спортшысы жүлде үшін сынға түседі. Сонымен қатар ерлер арасындағы хоккей турнирі басталады, бірақ онда Қазақстан құрамасы қатыспайды, жарысқа ҰХЛ ойыншылары қосылады.
Қазақстан атынан шаңғы қоссайысында жалғыз спортшы Шыңғыс Ракпаров өнер көрсетеді. Ол алдымен 13:10-да қалыпты трамплиннен секіру сайысына қатысады (№3), ал кейін 17:45-те ерлер арасындағы 10 км шаңғы жарысына шығады (№3).
Фристайл бойынша әйелдер арасындағы могул жарысында 15:00-де өтетін екінші біліктілік кезеңіне Анастасия Городко (№5), Аяулым Әмренова (№15) және Юлия Галышева (№14) қатысады. Ал 18:15-те могул финалы өтеді, онда қазақстандық спортшылардың жүлдеге таласу мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ биатлоншылар да жарыс жолына шығады. 18:15-те әйелдер арасындағы 15 км жеке жарыста Милана Генева (№90) мен Айша Рақышева (№91) ел намысын қорғайды.
Олимпиаданың осы күні қазақстандық спортшылар үшін маңызды сын болмақ, жанкүйерлер олардың табысты өнер көрсетуіне үміт артып отыр.