БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Елордада LRT жобасының келесі кезеңіне дайындық басталды

Елордада LRT жобасының келесі кезеңіне дайындық басталды
ашық дерек
Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасы бойынша дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта Шыңғыс Айтматов көшесінде инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізілуде. Мамандар аталған аумақтағы топырақ құрылымы мен инфрақұрылымдық жағдайды зерделеп, алдағы құрылыс және іске қосу кезеңдеріне қажетті мәліметтерді жинауда.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, бүгінгі таңда жеңіл рельсті көлік жүйелері сынақ кезеңінен өтуде. Техникалық тексерістер мен жүйелік тестілеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін жолаушыларға қызмет көрсетуге дайындық пысықталады. Сонымен қатар жолақы құны, төлем тәсілдері және тарифтік саясат іске қосу мерзімі жақындаған кезде нақты жарияланатыны айтылды.

Мамандардың айтуынша, LRT желісін іске қосу елордадағы көлік жүктемесін азайтып, қоғамдық көлік қатынасын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жоба қаланың негізгі бағыттарын байланыстырып, жолаушыларға жылдам әрі ыңғайлы қатынау мүмкіндігін ұсынуды көздейді.

Алдын ала жоспар бойынша, LRT желісін көктем мезгілінде іске қосу көзделіп отыр. Жоба толық іске қосылған жағдайда елорданың көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға және қоғамдық көлік жүйесін дамытуға елеулі үлес қоспақ.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар