БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

СІМ: Нұрлан Сабуровқа қатысты Ресей шешімі – сол елдің ішкі мәселесі

СІМ: Нұрлан Сабуровқа қатысты Ресей шешімі – сол елдің ішкі мәселесі
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі қазақстандық комик Нұрлан Сабуровтың Ресей аумағына кіруіне қойылған шектеуге қатысты пікір білдірді. Мәжіліс кулуарында министрдің орынбасары Айбек Бақаев бұл мәселе Ресейдің өз заңнамасына сәйкес қабылданған шешім екенін айтты.

Оның сөзінше, мұндай жағдайлар халықаралық тәжірибеде кездесіп тұрады және оны ерекше оқиға деуге келмейді. Сонымен қатар әрбір азамат мұндай мәселелерді жеке тәртіпте шешеді - қажет болған жағдайда адвокат жалдап, шешім қабылдаған елдің сот органдарына жүгінуге мүмкіндік бар.

Министр орынбасары Сабуровтың Ресейдегі ықтимал мүлкі туралы сауалға да жауап беріп, мұндай мәселелер сол мемлекеттің заңдары негізінде қаралатынын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін БАҚ-та комиктің Ресейге кіре алмағаннан кейін Алматыға оралғаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейбір ресейлік медиада шектеу ұлттық қауіпсіздік мүддесіне байланысты енгізілгені айтылғанымен, ресми органдар мен әртіс тарапынан нақты түсініктеме берілген жоқ.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар