Жаңалықтар

Жаңа Конституция күшіне енгенде Парламент өкілеттігі тоқтайды

Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Қазақстан Парламентінің өкілеттігі тоқтайды. Бұл туралы Жаңа Конституция жобасының қорытынды және өтпелі ережелерінде көрсетілген.

Аталған норма Конституция жобасының «Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын XI бөлімінде жазылған.

Бұл өзгерістер жаңа Конституциялық нормаларға көшу кезеңін реттеуге бағытталған. Сарапшылардың пікірінше, мұндай өтпелі ережелер мемлекеттік басқару жүйесін жаңа құқықтық талаптарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді.