Жаңалықтар

Референдум шығындары үкімет резервінен қаржыландырылуы мүмкін

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков 15 наурызда өтетін референдумды өткізуге бөлінетін қаржы көлеміне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша нақты бюджеттік сұрау Қаржы министрлігіне әлі түспеген.

Вице-министрдің мәліметінше, бұл бағытта Орталық сайлау комиссиясымен байланыс орнатылған. Қажетті қаржылық сұраным бүгін түстен кейін немесе ертең түске дейін министрлікке жолдануы мүмкін.

Сондай-ақ Темірбеков референдум өткізуге қажетті қаражат үкіметтің резервтік қорынан бөлінетінін атап өтті. Қаржы көлемі сұраным ресми түрде түскеннен кейін нақтыланады.