Михаил Шайдоровтың костюмі Vogue Italia журналы тарапынан жоғары бағаланды
Vogue Italia журналының ғаламтор бетіндегі нұсқасы 2026 жылғы Олимпиада ойындарын ең сәнді жарыстардың қатарына қосып, спортшылардың ең қызықты киім үлгісіне арнайы шолу жасады.
Таңдаулы тізімге ерекше дизайнымен, айрықша түстерімен және стильдік ерекшелігімен көзге түскен спорттық киімдер енді. Авторлар тек киім үлгілеріне ғана емес, сонымен қатар аксессуарларға да айрықша назар аударған.
Аталған шолуда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың қысқа бағдарламада киген жарыс костюмі де жоғары бағаланды.
Шайдоровтан бөлек, Vogue Italia шолуына өзге де мәнерлеп сырғанаушылардың костюмдері енді. Атап айтқанда: Илья Малинин (АҚШ, қысқа бағдарлама), Пётр Гуменник (Ресей, қысқа бағдарлама), Мэдисон Чок / Эван Бейтс жұбы (АҚШ, еркін би), Стивен Гоголев (Канада, қысқа бағдарлама), Лара Наки Гутманн (Италия, қысқа бағдарлама) және Лоранс Фурнье Бодри / Гийом Сизерон жұбы (Франция, ритмикалық би).
Vogue Italia атап өткен басқа спорт түрлеріндегі атлеттердің киім үлгісімен сілтемеге өту арқылы толық таныса аласыз. Сондай-ақ «ұнады/ұнамады» батырмасын басу арқылы тікелей дауыс беруге болады.