Жамбыл облысында толық роботтандырылған сүт фермасы іске қосылады
Жамбыл облысының Жамбыл ауданында қуаттылығы жылына 3,6 мың тонна сүт өндіретін ірі тауарлы-сүт фермасы салынуда.
Жобаның бастамашысы, Aznur Agro ауыл шаруашылығы кооперативінің басшысы Азат Сатановтың айтуынша, құрылыс жұмыстары 80% аяқталды.
Жоба аясында жылдық қуаттылығы 3,6 мың тонна сүтті құрайтын заманауи ферма пайдалануға беріледі, сондай-ақ 32 жаңа жұмыс орны ашылады. Ресейден 340 ірі қара мал сатып алынды.