Айдос Сарым: Конституциялық өзгерістер - жаһандық сын-қатерлерге жауап
Елордада «Референдум-2026» жалпыұлттық онлайн-марафоны өтіп жатыр. Іс-шара алдағы дауыс беру қарсаңында Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған.
Шараға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым өз пікірімен бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа Конституция бойынша республикалық референдум Президент Жарлығымен ресми түрде 2026 жылдың 15 наурызына белгіленген. Онлайн-марафон адам құқықтарын қорғауды күшейту және мемлекеттік басқару реформалары сияқты елдің негізгі заңындағы басты өзгерістерді түсіндіру алаңы ретінде қызмет етеді.