Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы әңгімелесті.
Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сан қырлы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Тараптар екіжақты қарым-қатынастың дәстүрлі түрде достық пен өзара сенім рухында өрбіп келе жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ сауда-экономикалық, энергетикалық, көлік-логистика және гуманитарлық салалардағы байланыстарды нығайту мәселелері сөз болды. Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар жөнінде де пікір алмасты.
Әңгіме қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады. Тараптар жоғары деңгейдегі диалогты жалғастыруға және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін білдірді.