Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы көпқырлы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны дамыту перспективаларын талқылады. Тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың достық және өзара сенім рухында дамып келе жатқанын атап өтті.
Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, көлік-логистика, энергетика, өнеркәсіп және гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар жөнінде пікір алмасылды.
Телефон арқылы әңгіме барысында Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға келетінін айтты. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей көшбасшысын Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырған болатын.
Тараптар жоғары деңгейдегі диалогты жалғастыруға және Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын одан әрі тереңдетуге өзара мүдделі екенін жеткізді.




