БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша шорт-тректен 2026 жылғы Олимпиада ойындарының 1/4 финалына жолдама алды

Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша шорт-тректен 2026 жылғы Олимпиада ойындарының 1/4 финалына жолдама алды
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метр қашықтықта жарыс басталды.

Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша қорғауда.

Іріктеу кезеңінен өту үшін спортшылар өз тобында 1-2-орын алуы немесе үшінші орын алғандар арасынан уақыт көрсеткіші бойынша үздік төрттікке енуі қажет болды.

Әжіғалиев екінші топта кейбір қарсыластарының құлаған сәтін тиімді пайдаланып, мәреге бірінші болып жетті де, тікелей 1/4 финалға жолдама алды.

Никиша өз тобында үшінші нәтиже көрсетті. Алайда оның уақыт көрсеткіші іріктеу кезеңінен өтуге жеткілікті болды.

Айта кетейік, 1/4 финал, 1/2 финал және финалдық жарыстар 19 ақпанға қараған түні өтеді.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар