Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қазақстанда пайызсыз ипотека пайда болуы мүмкін: исламдық қаржыландыру тетігі зерттеліп жатыр

Қазақстанда пайызсыз ипотека пайда болуы мүмкін: исламдық қаржыландыру тетігі зерттеліп жатыр
Қазақстанда ислам қағидаттарына сай пайызсыз ипотеканы енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рүстам Қарағойшин мәлімдеді. Оның айтуынша, қоғамда мұндай қаржылық құралға сұраныс артып келеді, сондықтан бастама халықаралық институттармен бірлесіп зерттелуде.

Қарағойшиннің сөзінше, халықпен тікелей жұмыс істейтін негізгі ұйымдардың бірі - «Отбасы банк». Қазір банк исламдық ипотеканы қандай форматта ұсына алатынын зерделеу кезеңінде. Бұл бағытта бірнеше халықаралық қаржы ұйымдарымен меморандумдарға қол қойылған.

Исламдық ипотека дәстүрлі несиеден пайыздың болмауымен ерекшеленеді. Мұнда банк үйді өзі сатып алып, клиентке үстеме бағамен бөліп төлеуге беруі немесе жылжымайтын мүлікті ортақ меншік ретінде рәсімдеп, кейін сатып алушының үлесін кезең-кезеңімен ұлғайту секілді тетіктер қолданылуы мүмкін. Негізгі қағидалар - ашықтық, тәуекелді әділ бөлу және өсімге жол бермеу.

Дегенмен холдинг басшысы жобаның нақты іске қосу мерзімі әзірге белгісіз екенін атап өтті. Себебі «Отбасы банктің» қолданыстағы моделі жинақ жүйесіне негізделген және ол исламдық қаржыландыру тәсілінен біршама өзгеше. Сондықтан бастама әзірге зерттеу және пысықтау сатысында қалып отыр.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар