Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Ерлан Қошанов бастаған Жалпыұлттық коалиция Тараз өңірінде жаңа Конституция жобасын таныстырды

Ерлан Қошанов бастаған Жалпыұлттық коалиция Тараз өңірінде жаңа Конституция жобасын таныстырды
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов жетекшілік ететін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы облыс аумағына арнайы келіп, жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында жұртшылықпен бірқатар кездесулер өткізді. Бұл сапар алдағы референдум қарсаңында қоғам пікірін ескеріп, ұлттық маңызы бар конституциялық өзгерістерді талқылауымен маңызды.

«Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде өткен негізгі кездесуге облыстан шамамен 500 тұрғын – зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, медицина қызметкерлері, педагогтер және түрлі сала азаматтары қатысты. Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне кіріскен кезеңнен бастап жаңа Конституцияның негізі қаланып, құжат ауқымды қоғамдық диалог нәтижесінде әзірленгенін атап өтті.

Оның айтуынша, референдум ел бірлігі мен тұтастығын айқындайтын тарихи қадам болмақ. Әлемдік тәжірибеде де мұндай саяси шешімдердің мемлекет дамуына ықпал еткен мысалдары жеткілікті. Сондықтан соңғы шешім халықтың таңдауына байланысты екені айтылды.

Мәжіліс Спикері облыс тұрғындарының белсенді азаматтық ұстанымын ерекше атап өтіп, жаңа Конституцияда «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты берік орнығатынын жеткізді. Қатысушылар Әділетті Қазақстан, Заң мен Тәртіп, Адал азамат, Таза Қазақстан секілді негізгі құндылықтардың қоғам үшін маңызын атап өтті.

Коалиция мүшелері өңірде жастармен, еңбек ұжымдарымен және шағын бизнес өкілдерімен де кездесті. Тараз қаласында өткен жастар жиынына 500-ден астам студент пен белсенді қатысты. Сонымен қатар «Қазфосфат» ЖШС өндіріс алаңында жұмысшылармен, Аса ауылында «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысушылармен кездесу ұйымдастырылды. Жоба жетекшісі, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев бұл бастама азаматтардың қаржылық сауатын арттырып, өз өмірін жақсартуға нақты мүмкіндік беріп отырғанын айтты.

Сапар барысында Super-pharm фармацевтикалық зауыты ұжымымен де кездесу өтіп, қызметкерлер алдағы референдумның ел болашағы үшін маңызын атап өтті. Кездесулер қорытындысында облыс тұрғындары Қуатты, Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстан құруға өз үлестерін қосуға дайын екенін білдірді.

Айта кетейік, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы биыл 13 ақпанда құрылды. Оның құрамына 5 саяси партия мен шамамен 300 қоғамдық ұйым кіріп, бүгінде 5 миллионға жуық қазақстандықты біріктіріп отыр.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар