Жаңалықтар

Олимпиада-2026: мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қысқа бағдарламада 12-орын алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында қысқа бағдарламада өнер көрсетті.

Отандасымыз төрешілердің шешімімен 68.47 ұпай еншілеп, аралық 12-орынға тұрақтады.

Жапониялық Ами Накаи 78.71 ұпаймен қысқа бағдарламадан кейін аралық есепте көш бастады.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 19 ақпанда өтеді.