Жаңалықтар

Дастан Мұхамедрақым әлемдегі үздік тревел-блогер атанды!

Қуанышты жаңалығын видеограф Instagram-парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, WIBA Awards ұйымдастырушылары арнайы хабарласып, марапатты табыстауға шақырған.

«WIBA Awards деген жерге марапатымды алып кетуге шақырып жатыр. Белгілі бір блогерлік сала бойынша үздіктерді марапаттайды екен. Мен тревел-блогер номинациясы бойынша үздік болып тұрмын», — деді Дастан.

Енді қазақ видеографы мамыр айында Канн (Франция) қаласына барып, әлемдік деңгейдегі марапатын алады.

Айта кетейік, WIBA Awards (World Influencers and Bloggers Awards) — жаһандық инфлюенсерлер мен блогерлерге берілетін беделді сыйлық. Бұған дейін бұл марапатты Хаби Лейм мен Нүсрет сияқты әлемге танымал тұлғалар алған.

Қазақ контенті тағы да әлемдік сахнада!