Жаңалықтар

Құтты болсын Рамазан баршаңызға!

Құрметті Қазақ елі, мұсылман қауым!

Айлардың сұлтаны саналатын қасиетті Рамазан айының келуімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Рамазан – рухани тазару мен сабырдың, мейірім мен кешірімнің, шүкіршілік пен жақсылықтың айы. Бұл кезеңде әрбір мұсылман жүрегін ізгілікке бұрып, ниетін түзеп, қайырымды істерге ұмтылады.

Қасиетті айда жасалған әрбір игі амалдың сауабы еселеніп, берекесі арта түсетіні белгілі. Сондықтан бұл ай – мұқтажға қол ұшын созып, жақынға жанашырлық танытып, қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтатын ерекше уақыт. Рамазан – отбасыларды жақындастырып, жүректерді жұмсартып, имандылық пен адамгершілік құндылықтарын терең сезінуге мүмкіндік беретін ұлық ай.

Осы орайда, әр шаңыраққа амандық пен саулық, құт-береке тілеймін. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, жасаған дұға-тілектеріңіз бен қайырлы амалдарыңыз сауаптан жазылсын. Жүздеріңізден нұр таймасын, ниеттеріңіз қабыл, мұраттарыңыз асыл болсын!

Елімізде татулық пен бірлік, өзара сыйластық арта берсін. Қасиетті Рамазан айы баршаңызға рухани жаңару, береке мен игілік әкелсін!