Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Кірпік жасату мен тырнақ істету оразаға кедергі келтірмейді

Кірпік жасату мен тырнақ істету оразаға кедергі келтірмейді
Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар алаңында өңірдің бас имамы Асқар Зәкіржанұлы қонақ болып, Рамазан айына қатысты қоғамда жиі туындайтын сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында оразаға байланысты түрлі мәселелер талқыланып, сұрақ-жауап ұйымдастырылды.

Ораза кезінде қандай нәрселерге тыйым салынады? Мысалы, қыз-келіншектер кірпік жасатып, жасанды тырнақ тағып жүріп, ең бастысы ниет деп ораза ұстай береді. Бұл қаншалықты дұрыс?

Жалпы кірпік жасату, тырнақ істету немесе бояну оразаға кедергі келтірмейді және оразаны бұзбайды. Оразаны бұзатын негізгі нәрселер — ішіп-жеу, су ішу, тамақтану немесе ерлі-зайыптылар арасындағы жақын қатынас. Осыдан тыйылса, ораза дұрыс саналады. Мұндай косметикалық әрекеттер оразаның қабыл болуына да кедергі болмайды. Сондай-ақ ораза ұстау үшін дәреттің болуы шарт емес, бірақ әдеп тұрғысынан дәретпен ауыз бекітіп, ауыз ашқан абзал.

Имамның айтуынша, оразаның негізгі мәні - адамның нәпсісін тыю, сабыр мен тақуалыққа тәрбиелену. Сондықтан тек ішіп-жеуден ғана емес, жаман сөзден, өсек-аяңнан, біреуге тіл тигізуден, ашу-ызаға берілуден де сақтану қажет. Рамазан айы - рухани тазару айы. Бұл уақытта мұсылман баласы құлшылықты арттырып, Құран оқуға, садақа беруге және жақсылық жасауға көбірек көңіл бөлгені жөн.

Сондай-ақ бас имам ораза ұстауда ниеттің дұрыстығы мен ықыластың маңыздылығын атап өтті. Ауыз бекіту мен ауыз ашу кезінде дұға жасап, Алладан кешірім сұрау - оразаның сауабын арттыра түсетін игі амалдардың бірі екенін жеткізді.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар