Жаңалықтар

Кірпік жасату мен тырнақ істету оразаға кедергі келтірмейді

Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар алаңында өңірдің бас имамы Асқар Зәкіржанұлы қонақ болып, Рамазан айына қатысты қоғамда жиі туындайтын сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында оразаға байланысты түрлі мәселелер талқыланып, сұрақ-жауап ұйымдастырылды.

Ораза кезінде қандай нәрселерге тыйым салынады? Мысалы, қыз-келіншектер кірпік жасатып, жасанды тырнақ тағып жүріп, ең бастысы ниет деп ораза ұстай береді. Бұл қаншалықты дұрыс?

Имамның айтуынша, оразаның негізгі мәні - адамның нәпсісін тыю, сабыр мен тақуалыққа тәрбиелену. Сондықтан тек ішіп-жеуден ғана емес, жаман сөзден, өсек-аяңнан, біреуге тіл тигізуден, ашу-ызаға берілуден де сақтану қажет. Рамазан айы - рухани тазару айы. Бұл уақытта мұсылман баласы құлшылықты арттырып, Құран оқуға, садақа беруге және жақсылық жасауға көбірек көңіл бөлгені жөн.

Сондай-ақ бас имам ораза ұстауда ниеттің дұрыстығы мен ықыластың маңыздылығын атап өтті. Ауыз бекіту мен ауыз ашу кезінде дұға жасап, Алладан кешірім сұрау - оразаның сауабын арттыра түсетін игі амалдардың бірі екенін жеткізді.