Жаңалықтар

Үш қазақстандық гимнаст Германиядағы Әлем кубогы кезеңінің финалына өтті

Германияның Котбус қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының бірінші кезеңі басталды.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі халықаралық турнирдің финалына жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда Нариман Курбанов пен Зейнолла Ыдырысов финалда өнер көрсетеді.

Курбанов іріктеуде 14,700 ұпаймен бесінші орын алса, Ыдырысов 14,566 ұпай жинап, алтыншы болды.

Еркін жаттығуда Дмитрий Патанин 13,533 ұпай еншілеп, сегізінші орынмен финалға шықты.

Шешуші жарыстар 21–22 ақпан аралығында өтеді.