Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: аяз бен жауын-шашын күтіледі, Жамбыл облысында салыстырмалы жылы болады

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: аяз бен жауын-шашын күтіледі, Жамбыл облысында салыстырмалы жылы болады
Синоптиктердің болжамынша, 23 ақпанда еліміздің солтүстік-батыс өңірлерінде ауа температурасы күрт төмендеп, кей жерлерде –25…–37 градусқа дейін суытады. Кейін бұл суық толқын солтүстік, шығыс және орталық аймақтарға таралуы мүмкін. Мамандар ауа райының құбылуына байланысты тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға шақырады.

Елордада алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады. Астанада түнде де, күндіз де шамамен –15…–17 градус аяз сақталып, мезгіл-мезгіл қар жаууы ықтимал. Кей тұстарда боран соғып, көктайғақ қалыптасуы мүмкін. Жел жылдамдығы 15–20 м/с шамасына дейін күшейеді деп күтіледі.

Алматыда ауа температурасы салыстырмалы түрде жұмсақ. Түнде –1…+1 градус аралығында болып, тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа +9…+11 градусқа дейін жылынып, жаңбыр жауады. Шымкент қаласында түнгі температура 0…+2 градус, ал күндіз +10…+12 градус шамасында болады, жауын-шашын күтілмейді.

Еліміздің бірқатар облыстарында да ауа райы құбылмалы болмақ. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында қар мен боран болжанып отыр. Түнгі температура кей жерлерде –20…–28 градусқа дейін төмендейді. Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады: түнде –10…–23 градус, күндіз –12…+2 градус аралығы.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында қар, боран және көктайғақ болуы мүмкін. Мұнда түнгі температура –5…–13 градус болса, күндіз –7…+2 градус шамасында болады. Маңғыстау облысының батыс бөлігінде жаңбыр жауып, күндіз ауа +3…+8 градусқа дейін жылиды. Қызылорда облысында айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді, күндізгі температура 0…–2 градус шамасында болады.

Жамбыл облысындағы ауа райы

Жамбыл өңірінде алдағы күндері жауын-шашын аралас түрінде түсуі ықтимал — жаңбыр мен қар қатар байқалуы мүмкін. Таулы аумақтарда көктайғақ қалыптасуы ықтимал. Күндізгі ауа температурасы шамамен +3…+12 градус аралығында сақталып, басқа солтүстік аймақтармен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ болады.

Жалпы, синоптиктер ауа райының күрт құбылуына байланысты жол қозғалысында, алыс сапарларда және ашық ауадағы жұмыстарда ерекше сақтық танытуды ұсынады.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар