Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қостанайда кәмпиттен жәндік шыққан: сот 250 мың теңге өндіруге шешім шығарды

Қостанайда кәмпиттен жәндік шыққан: сот 250 мың теңге өндіруге шешім шығарды
ашық дерек
Қостанай қаласында супермаркеттен сатып алынған кәмпиттің ішінен жәндік шыққан. Тұрғын өндірушіні сотқа беріп, моральдық зиян үшін өтемақы өндіріп алды.

Оқиға биыл қыркүйек айында болған. Талапкер қаладағы дүкендердің бірінен кәмпит сатып алған. Келесі күні қаптаманы ашқанда өнімнің ішінде жәндіктер барын байқап, тиісті органдарға жүгінген. Тексеру нәтижесінде кәмпиттердің паразиттермен ластанғаны расталды.

Азаматша өндіруші серіктестікке қарсы моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Істі Қостанай қалалық соты қарады.

Талапкер 2 миллион теңге моральдық өтемақы сұраған. Оның айтуынша, сапасыз өнім психологиялық күйзеліс тудырып, уайымға салған және балалар алдында кінә сезімін бастан өткерген.

Жауапкер тарап тауардың сапасыз болғанын мойындағанымен, талап етілген сомамен келіспеген. Денсаулыққа зиян келтірілгенін дәлелдейтін айғақтардың жоқ екенін айтып, 200 мың теңгені ерікті түрде төлеуге дайын екенін білдірген.

Сот сапасыз тауар сатылғанын және жауапкердің кінәсін ескере отырып, талапты ішінара қанағаттандырды. Денсаулыққа зиян келмегені, жауапкердің кешірім сұрағаны және ерікті төлем ұсынылғаны назарға алынып, моральдық зиян мөлшері 2 миллион теңгеден 250 мың теңгеге дейін төмендетілді.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар