Таразда жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған ауқымды LIVE-концерт өтті
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 08:38
- 180
Шараның басты мақсаты – жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, азаматтық белсенділікті арттыру және алдағы 15 наурызда өтетін референдумға қоғам назарын аудару болды. Концерт барысында жастар арасында кеңінен танымал эстрада жұлдыздары Kalifarniya мен Daricorn өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлап, кештің мазмұнын жандандыра түсті.
Іс-шара аясында қоғам өкілдері мен жастар көшбасшылары да сөз сөйледі. Атап айтқанда, «Жастар Рухы» жастар қанатының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ерғали Әбуғали, Жамбыл облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Кадралиев және Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің студенті, студенттік ассамблея төрайымы Аяна Ким жаңа Конституция жобасының маңыздылығы жөнінде пікір білдіріп, жастарды ел болашағына бейжай қарамауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы кездесулер қоғам мен жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыруға, азаматтық жауапкершілікті нығайтуға және ел дамуы жолындағы ортақ құндылықтарды түсіндіруге бағытталған. LIVE-концерт осы міндеттердің орындалуына ықпал етіп, қала тұрғындары үшін мазмұнды әрі рухани серпіліс сыйлаған маңызды қоғамдық шараға айналды.







