Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Странджа турнирі: Бағлан Кенжебек Еуропа чемпионын айқын басымдықпен жеңді

Странджа турнирі: Бағлан Кенжебек Еуропа чемпионын айқын басымдықпен жеңді
ашық дерек
23 ақпан күні Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан 77-ші дәстүрлі халықаралық «Странджа» турнирінде Қазақстан құрамасының боксшысы, Жамбыл облысының өкілі Бағлан Кенжебек шаршы алаңға шықты.

55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жамбылдық былғары қолғап шебері жарыстың 1/16 финалында Әзербайжан құрамасының өкілі, екі дүркін Еуропа чемпионы Ниджат Гусейновпен қолғап түйістірді.

Тартысты өткен жекпе-жекте Бағлан Кенжебек қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Үш раунд бойы айқын басымдық танытқан отандасымыз төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Жекпе-жек барысында жамбылдық спортшының шапшаңдығы, дәл соққылары мен тактикалық сауаттылығы анық байқалды.

Айта кетейік, Бағлан Кенжебек «Странджа» турниріне алғаш рет қатысып отыр. Соған қарамастан, тәжірибелі қарсыласын сенімді түрде жеңуі – оның жоғары дайындық деңгейін көрсетеді.

«Странджа» турнирі – бокстан халықаралық деңгейдегі ең беделді жарыстардың бірі саналады. Жыл сайын бұл додаға әлемнің мықты боксшылары қатысып, өзара мықтыны анықтайды. Сондықтан жамбылдық спортшының алғашқы айқаста-ақ Еуропа чемпионын жеңуі – өңір спорты үшін үлкен жетістік.

Жамбыл облысының спортшылары халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап, өңір мерейін үстем етіп келеді. Бағлан Кенжебектің бұл жеңісі де – сол табысты жолдың жалғасы.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар