Жаңалықтар

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған әдеби кеш өтті

Жамбыл облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Даланың дархан көңіл ақыны – Жамбыл» атты әдеби кеш өтті.

Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасына қарасты “Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы” ұйымдастырды.

Әдеби кештің негізгі мақсаты – ұлы ақынның бай мұрасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ жастардың бойында отансүйгіштік рух пен рухани құндылықтарды қалыптастыру.

Кеш барысында студенттер Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылығына тоқталып, оның ел бірлігі, халық тағдыры, ерлік пен рух туралы жырларын мәнерлеп оқыды. Қатысушылар ақынның шығармалары арқылы ұлттық әдебиеттің маңызы мен тәрбиелік мәнін кеңінен ашып, көрермендерге әсерлі әдеби қойылымдар ұсынды.

Сонымен қатар, кеш аясында Жамбыл мұрасының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі орны, оның шығармаларының тәрбиелік және рухани құндылығы туралы пікірлер айтылып, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған көркемсөз оқу сәттері ұйымдастырылды.

Мазмұнды шара жастардың әдебиетке қызығушылығын арттырып, ұлт руханиятын дәріптеуге, Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасын кеңінен танытуға өз үлесін қосты.