Жаңалықтар

Ауқатты ауылдық округінде жаңа Конституция жобасы бойынша түсіндіру кездесуі өтті

Ауқатты ауылдық округінде Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын тұрғындарға түсіндіруге арналған арнайы жиын өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – жаңа Ата Заң жобасының мазмұнын ауыл тұрғындарына таныстыру, оның ел дамуы үшін маңызын түсіндіру және алдағы республикалық референдум туралы ақпарат беру болды.

Жиын барысында ауылдық қоғамдастық кеңесінің төрағасы Қанатов Серік, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Семжанов Әділбай, кеңес мүшесі Ихия Харби және Қызылсай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Муслимов Бақтыбек сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталды. Спикерлер ұсынылып отырған өзгерістердің заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ елдің тұрақты дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу барысында тұрғындарға референдумның саяси әрі қоғамдық маңызы кеңінен түсіндірілді. Бұл - халықтың өз еркін білдіретін маңызды демократиялық тетік екені айтылып, әрбір азаматтың ел болашағына жауапкершілікпен қарауы маңызды екені жеткізілді.

Жиын соңында спикерлер ауыл тұрғындарын 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырып, мұндай тарихи кезеңдерде азаматтық ұстаным таныту қоғамның бірлігі мен дамуына оң әсер ететінін атап өтті.

Осындай ақпараттық-түсіндіру кездесулері халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамдық пікір алмасуға және маңызды мемлекеттік бастамалар туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік беруде.