Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Олимпиада чемпионы Шайдоровқа елден үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды

Олимпиада чемпионы Шайдоровқа елден үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды
ашық дерек
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров елге оралды. Спортшыны Астана халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алды.

Олимпиада чемпионы 25 ақпанға қараған түні Қазақстанға жетті. Ол мінген ұшақ елорда әуежайына сағат 01:06-да қонды. Италияда өткен қысқы ойындардың басталуынан бері Михаил Шайдоров шамамен үш апта бойы шетелде болған.

Елордада спортшыны жанкүйерлері, әріптестері, достары мен туған-туыстары күтіп алды. Қарсы алу барысында Михаил қазақстандықтарға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, ел туы ең биік тұғырға көтерілген сәтте ерекше мақтаныш сезімін бастан өткергенін жеткізді.

Салтанатты рәсімде Олимпиада чемпионына үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Сондай-ақ оның жеке жаттықтырушысы Алексей Урмановқа да пәтер берілді.

Бұдан бөлек, мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина мен Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әсем Қасеноваға бір бөлмелі пәтердің кілті тапсырылды.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар