Жаңалықтар

Жамбыл облысында медицина ардагерлері жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетованың төрағалығымен өңірдің денсаулық сақтау саласы ардагерлері қатысқан кездесу өтіп, онда жаңа Конституция жобасы мен медицинаны дамыту бағыттары талқыланды. Бұл жиын алдағы референдум қарсаңында қоғамды маңызды өзгерістер туралы хабардар ету және денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін саралау тұрғысынан маңызды болды.

Кездесуге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек, «AQ JOL» газетінің редакторы әрі облыстық мәслихат депутаты Оралхан Дәуіт және медицина саласының ардагерлері қатысты. Жаңа Конституция жобасының мәні мен негізгі бағыттары жөнінде Айжан Есмағамбетова баяндама жасап, кейін Оралхан Дәуіт пікір білдірді.

Сержан Назарбек 2025 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, 2026 жылы медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған басым міндеттерді атап өтті. Ардагерлер Сағындық Ордабеков пен Тұрсынкүл Әшірбаева сала тәжірибесіне сүйене отырып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушылар сұрақтарына жауап алды. Жиын соңында азаматтарды 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырып, оның ел болашағы үшін маңызы атап өтілді.