Жаңалықтар

Байзақ ауданында «Есіктен-есікке» акциясы өтті

Жақында Байзақ ауданында коалиция мүшелері мен белсенді жастар «Есіктен-есікке» акциясы аясында Қостөбе, Үлгілі, Сарыкемер ауылдарын аралап, тұрғындарға референдумның маңызын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл бастама азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, алдағы маңызды шешімдерге саналы қатысуы үшін маңызды.

Акция барысында ауыл тұрғындарына ақпараттық парақшалар таратылып, референдумның мәні мен мазмұны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тікелей жүздесуде тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, ел болашағына қатысты саяси науқанға белсенді қатысуға дайын екендерін жеткізді.

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер халықтың сұрақтарына нақты жауап беруге және қоғамдық пікір алмасуға мүмкіндік беретінін атап өтті.