Үлкен Сұлутөр ауылдық округінде Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын түсіндіру мақсатында арнайы жиын өтті. Кездесу тұрғындарға Ата Заң жобасының мәні мен маңызын түсіндіру және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты бастамалар туралы ақпарат беру үшін ұйымдастырылды.
Жиында ауыл әкімі Б.Қоңырбаев Конституция мемлекеттің негізгі Заңы екенін атап өтті. Ал ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Алтынбеков Ата Заң ел бірлігі мен тұрақтылығының кепілі екенін айтып, тұрғындарды ынтымақ пен ел дамуына үлес қосуға шақырды.
Кездесу соңында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасу өтті.
Келесі мақала


