Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Айқын мақсат – тұрақты даму кепілі: жаңа Конституция жобасы медицина қызметкерлерімен талқыланды

Айқын мақсат – тұрақты даму кепілі: жаңа Конституция жобасы медицина қызметкерлерімен талқыланды
Аудандық орталық ауруханада Жамбыл облыстық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері медицина қызметкерлерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасының мазмұны мен маңызын түсіндіруге арналған ақпараттық жиын өткізді. Кездесудің басты мақсаты – конституциялық реформалардың ел дамуына ықпалын түсіндіру және алдағы референдум аясында азаматтардың белсенділігін арттыру болды.

Жиынға облыстық коалиция мүшелері, партия ардагері Қасымхан Төлендиев, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Оралхан Даутов және «Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Ерғали Әбдуәлі қатысты. Олар жаңа Конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен оның әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасында жеке кәсіпкерлікті қолдау, экономикалық белсенділікті қорғау және инвестициялық тартымдылықты арттыру мәселелері қамтылғаны айтылды. Мемлекет тарапынан нарықтық қатынастарға кепілдіктер беру, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және азаматтардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету көзделгені атап өтілді.

Сонымен қатар реформалардың экономикалық тұрақтылықты нығайтуға, іскерлік белсенділікті арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталғаны сөз болды. Әрбір азаматтың кәсіпкерлік қызметпен еркін айналысуына жағдай жасау және олардың құқықтық қорғалуын күшейту жаңа Конституция жобасының маңызды басымдықтарының бірі екені жеткізілді.

Кездесу соңында қатысушылар конституциялық реформаларға қатысты пікір алмасып, елдің тұрақты дамуы мен әділетті қоғам қалыптастыру жолында ортақ мақсаттың маңызы ерекше екені атап өтілді.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар