Кездесу барысында спикерлер жаңа Конституцияның басты басымдығы – адам және оның құқықтары екенін атап өтті. Атап айтқанда, құжатта балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау, қауіпсіз орта қалыптастыру және әлеуметтік қорғау тетіктерін күшейту мәселелері маңызды орын алатыны айтылды. Сонымен қатар отбасы институтын нығайту, білім мен ғылымды қолдау, әділетті қоғам құру бағытындағы бастамалар жан-жақты түсіндірілді.
Спикерлердің сөзінше, алдағы референдум – әрбір ата-ананың азаматтық ұстанымын айқындайтын маңызды кезең. Бүгін қабылданатын шешім ертеңгі ұрпақтың мүмкіндігі мен өмір сапасына тікелей әсер ететіні ерекше атап өтілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз пікірлерін білдірді. Ата-аналар ұсынылған конституциялық өзгерістерді қолдайтындарын жеткізіп, ел болашағы үшін белсенді атсалысуға дайын екендерін білдірді.




