УАУ! Қайрат Нұртас тағыда әке атанбақ
Қазақстандық актриса Жұлдыз Абдукаримова әлеуметтік желіде күйеуі, танымал әнші Кайрат Нұртастың өткен туған күнінен әсерлі бейнежазбамен бөлісті.
Бейнежазбада актриса жұбайына ерекше тосын сый дайындағаны көрінеді. Кадрларда отбасының балалары әкесіне ақ түсті сыйлық пакетін ұсынып, мерекелік көңіл күй сыйлайды. Ештеңеден бейхабар Кайрат алдымен пакет ішінен киндерді алып, күлімсірейді. Артынша қорапты ашып, кішкентай балаларға арналған кофтаны шығарып, оның мәнін бірден түсінбей қалады.
«Бұл не?» – деп күлген әнші сәбиге арналған киімді қарап тұрады.
Киімнің астында ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) суреті жатқан. Сол сәтте Кайрат Нұртас отбасы тағы да толыққалы тұрғанын түсінеді. Әнші қуаныштан көзіне жас алып, бұл жаңалықтың рас-өтірігін қайта сұрап, жақындарын құшақтап, кезек-кезек сүйеді.
Айта кетейік, жұлдызды отбасының бесінші перзенті 2025 жылдың тамыз айында дүниеге келген. Сәбиге Рабия Сұлтан есімі берілген.
Желі қолданушылары бейнежазбадағы әсерлі сәтке жылы пікірлерін жаудырып, өнерлі отбасыға бақыт пен амандық тіледі.