М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті қабырғасында «Әділетті Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында кездесу өтті
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 08:29
- 107
Кездесу барысында жаңа Ата Заңның қоғам өміріндегі орны, конституциялық реформалардың стратегиялық маңызы және құқықтық мемлекетті қалыптастыру тетіктері жан-жақты талқыланды. Спикерлер Конституция – мемлекеттіліктің берік тірегі, ел тұрақтылығы мен орнықты дамуының кепілі екенін атап өтті. Әсіресе заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділетті қоғам құру қағидаттары кеңінен қозғалды.
Жастарға ел болашағына жауапкершілікпен қарау, заңды құрметтеу және қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласу қажеттігі ерекше айтылды. Себебі саналы әрі құқықтық мәдениеті жоғары ұрпақ қана қуатты мемлекет қалыптастыра алады.
Осындай мазмұнды кездесулер ортақ құндылықтарды нығайтып, қоғамдағы бірлік пен өзара сенімді арттыруға ықпал етеді.




