Аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларына бағытталған оқыту-семинары өтті
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 12:53
- 1
Семинарға Жамбыл облыстық референдум комиссиясының мүшелері, аудандық аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының мүшелері, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Макпал Сатыбалдықызы, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы Самат Апсадықұлы, аудандық прокуратура қызметкері, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкері, аудан әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жомарт Тешебайұлы, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Жас сайлаушылар клубы қатысты.
Семинар-тренингтің мақсаты – референдумды ұйымдастырудағы теориялық және практикалық негіздерін түсіндіру, референдум заңнамасының негіздерін және оны референдум процесінде қолдану практикасын түсіндіру, сондай-ақ, референдумды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру болып табылады.
Оқу-семинарын Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы ашып, оқыту-семинардың бағдарламасымен таныстырып өтті.
«Аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларына бағытталған » оқыту жұмыстары үш бөлімге бөлінді. Учаскелік референдум комиссия мүшелері 9 топтарға бөлініп, викториналық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар арнайы дайындалған ситуациялық кейстерге талдаулар жүргізді.
Бағдарламаға сәйкес оқытудың екінші бөлімінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері дәріс оқып, референдум процесінде орын алған жағдаяттарға байланысты кейстік жұмыстар жүргізілді.
Үшінші, семинардың қорытынды бөлімінде оқытылған тақырыптарды бекітуге арналған тест сұрақтары мен кері байланыс сауалнамасы алынып, сертификаттар табысталды.


