Жаңалықтар
Денсаулық сақтау министрі бейнеүндеу жасады: елде қызылша жұқтыру деректері көбейіп жатыр
- author Admin
- Бүгін, 11:17
- 1
Ақмарал Әлназарова бейнеүндеу жариялап, елімізде қызылша ауруын жұқтыру жағдайларының артып отырғанын мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қызылша — жай ғана балалар инфекциясы емес. Бұл дерт ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Атап айтқанда, пневмонияға, жүйке жүйесінің зақымдануына және өзге де күрделі салдарға соқтырады. Әсіресе, сәбилер мен жас балалар қауіпті топқа жатады.
Министр ата-аналарды дәлелді медицинаға сүйенуге шақырды. Оның сөзінше, қызылшадан қорғанудың жалғыз тиімді жолы — вакцинация.
«Балаңызды екпе арқылы қорғау — тек оның ғана емес, өзге балалардың да қауіпсіздігіне үлес қосу», — деп атап өтті ведомство басшысы.
Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды балалардың екпе күнтізбесін қатаң сақтауға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге үндеді.


