Air Astana Сауд Арабиясынан 640 адамды елге жеткізді
Қазақстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы — Air Astana Сауд Арабиясынан қазақстандықтарды елге жеткізу үшін бірнеше репатриациялық рейс орындады. Компанияның мәліметінше, 4 наурызға қараған түні 640 жолаушы Қазақстанға жеткізілді.
Әуе компаниясы бұл мақсатта төрт арнайы рейс ұйымдастырған. Атап айтқанда, Медина – Атырау, Медина – Ақтау және Жидда – Атырау бағытында екі рейс жүзеге асырылды.
640 жолаушыны әрі қарай еліміздің басқа қалаларына жеткізу үшін Атыраудан Алматыға екі рейс және Астанаға бір рейс орындалды.
Сонымен қатар бүгін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп тағы екі репатриациялық рейс ұйымдастыру жоспарланып отыр. Олар Жидда – Ақтау – Алматы және Жидда – Атырау – Алматы бағыттары бойынша орындалады.
Әуе компаниясының хабарлауынша, Жидда – Ақтау – Алматы рейсі Жиддадан сағат 18:00-де ұшып шығып, Ақтауға 01:05-те, ал Алматыға 06:05-те қонады.
Ал Жидда – Атырау – Алматы бағыты бойынша ұшақ Жиддадан 20:45-те ұшып шығып, Атырауға 05:05-те, Алматыға 09:55-те жетеді. Компания барлық уақытта жергілікті уақыт көрсетілгенін атап өтті.
Айта кетейік, бұл рейстер шетелде жүрген Қазақстан азаматтарын елге қауіпсіз жеткізу мақсатында ұйымдастырылып жатыр.