Жаңалықтар

Жамбыл облысында 10 наурызда ауа райы құбылмалы болады

Жамбыл облысында 2026 жылғы 10 наурызда ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын мен күшейген жел күтіледі. Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Бұл туралы синоптиктер хабарлады.

Облыс аумағында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Түнгі уақытта облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында, ал күндіз негізінен таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болуы ықтимал. Таулы өңірлерде жаяу бұрқасын байқалады. Сонымен қатар облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында кей уақыттарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Жел оңтүстік-батыстан соғады. Оның жылдамдығы 9–14 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Кей жерлерде желдің екпіні 23–28 м/с, ал таулы және тау бөктерлі аудандарда 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.

Ауа температурасы түнде 1–6 градус жылы болады. Ал облыстың солтүстік бөлігінде және таулы аймақтарында 4 градусқа дейін аяз сақталады.

Тараз қаласында көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақыттарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауып, тұман мен көктайғақ болуы мүмкін.

Қалада жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 9–14 м/с болады. Таңертең және күндіз желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақыттарда 23–28 м/с-ке дейін жетеді.

Ауа температурасы Тараз қаласында түнде және күндіз 2–4 градус жылы болады.